Нұр-Сұлтанда 25 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған ресейлік ұсталды
Нұр-Сұлтанда 25 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған ресейлік ұсталды
131
оқылды
Қазақстанда 25 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды. Бұл туралы Көліктегі полиция басқармасының бастығы Оңал Бекиев мәлімдеді.
Мәлімет бойынша, 9-18 наурыз аралығында "Іздеу" және "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізіледі. Жеті күн ішінде іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталған, оның ішінде 10-ы ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздеуінде.
"10 наурызда Сәтбаев қаласында департаменттің Криминалдық полиция басқармасы мен "Қарағанды-Сортировочная" станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 56 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген және 25 жыл бойы тергеуден жасырынып келген", - деді Бекиев.
Ұсталған азамат Челябі облысы бойынша Ресей Ішкі істер министрлігінің іздеуінде жүргені анықталды. 1997 жылдан бері ол Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ("Адам өлтіру") мемлекетаралық іздеуде болған. Оған қатысты экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр.