Халық пен билік арасындағы сенімді арттырады
Халық пен билік арасындағы сенімді арттырады
188
оқылды
– Ел Президенті Қ.Тоқаев әлемдегі күр­делі геосаяси жағдай аясында Қазақстан халқына Жолдауында елдің одан әрі дамуын атап өтті. Облыстық мәслихаттың 4-5-6 шақырылым­да­ры­ның мәслихат депутаты ретін­де едәуір тәжірибем болғандықтан, осы айтылған бас­та­малар қоғамның, мемлекеттің және бірінші кезекте Қазақстан халқы­ның қазіргі заманғы сұранысына сай келетінін нық сеніммен айта аламын. Президенттің шама­дан тыс өкілеттіктерден бас тарту бастамасы – сая­­си жаңару бағытында­ғы тағы бір қадам. Парла­мент­тің рөлін күшей­ту – «күшті Президент, ықпалды Пар­ламент және есеп беретін Үкімет» саяси жүйе кес­кін-келбетін іске асыру билік институттары мен жергілікті өкілді органдардың тепе-теңдігін қамта­масыз етуге бағытталған. Атап айтқанда, мәслихаттарға сайлаудың аралас үлгісін енгізу өте уақытылы және халықтың сұраны­сына жауап береді. Мәслихаттардың рөлін арттыру және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымы енгізіледі. Бұл да біраз уақыттан бері талқыланып, бүгінгі құ­жатта көрініс тапқан мәселе. Жергілікті бас­қару органдарын қар­жыландыруды кеңейту және олардың меншік базасын кеңейту көзделіп отыр. Мемлекет басшысы жергілікті өзін-өзі бас­қару орган­дарының жұмыс істеуінің іргелі қа­ғидаттарын айқындайтын құжат саналатын Еуропалық жергілікті өзін-өзі басқару хартиясын рати­фикациялау қажеттігі туралы айтты. Бұл іс-ша­ра­лардың барлығы осы жылдың ортасына дейін жүзеге асуы тиіс. Бұл бастамалар халық пен биліктің арасындағы сенімді арт­тыруға сеп­тігін тизгізетіні анық.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, Сенат депутаты