Сот Қайрат Боранбаевқа қатысты шешім шығарды
Сот Қайрат Боранбаевқа қатысты шешім шығарды
© orda.kz
239
оқылды
Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты.
"2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​жатпайды.
Бұған дейін Алматыда ұсталған Қайрат Боранбаевтың ұсталу сәтінен видео пайда болғанын жазған болатынбыз.