Желіде экстремистік мазмұндағы материалдарды насихаттаған қызылордалық үш жылға сотталды
Желіде экстремистік мазмұндағы материалдарды насихаттаған қызылордалық үш жылға сотталды
128
оқылды
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде экстремистік мазмұндағы материалдарды насихаттаған қызылордалық үш жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасының аумағында сотпен тыйым салынған Хизб-ут-Тахрир діни экстремистік партиясының жақтасы, Қызылорда облысының 40 жастағы тұрғыны әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өзімен сұхбаттасушыларға экстремистік мазмұндағы материалдарды жолдай отырып, насихаттағаны анықталды. Күдіктінің іс-әрекеттерінде құқық бұзушылықтың белгілері байқалғандықтан, оған қатысты Қызылорда облысы ПД-мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1-бөлігімен (Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiн ұйымдастыру) тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, сотқа жолданған. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.