«Ұлттық мүдде» жаңа диалог алаңы құрылды
«Ұлттық мүдде» жаңа диалог алаңы құрылды
424
оқылды
Сенатта еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени өміріне қатысты мәселелер тұрақты түрде талқыланатын «Ұлттық мүдде» жаңа диалог алаңы құрылды. Бүгін Алаңның алғашқы отырысы өтіп, онда зиялы қауым өкілдерімен және сарапшылармен кездесу болды. Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылауға арналды. Диалог алаңының жұмысын ашқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев зиялы қауымның тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің қалыптасуындағы ерекше тарихи рөлін атап өтті. Ол Мемлекет басшысының Жолдауда белгіленген бастамаларын іске асыру бүкіл қоғамның, оның ішінде зиялы қауымның белсенді және бірлескен жұмысын талап ететінін атап өтті. Мұның бәрі «Жаңа Қазақстанды» құруда айрықша мәнге ие. Мемлекет басшысы ұсынған осы саладағы реформалардың ішінде: суперпрезиденттік басқару түрінен күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшу, өкілетті қызметін атқарған кезеңде Президенттің ешқандай партияға мүше болмауы туралы міндетті заңнамалық ресімдеу және басқалар бар. Мәулен Әшімбаев айтылған өзгерістер халықтың саяси бәсекелестігі мен азаматтық белсенділігін күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Осыған байланысты зиялы қауым өкілдері де ерекше рөл атқарады, деп қорытындылады Сенат Төра­ға­сы. Талқылау барысында Мемлекет басшысының Жолдауы және «Жаңа Қазақстанды» құрудағы зиялы қауымның рөлі туралы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері Жақсыбек Құлекеев, Дархан Қыдырәлі, Дихан Қамзабекұлы, Айдос Сарым, Саясат Нұрбек және тағы басқалар өз пікірлерін білдірді. Кездесуге қатысушылар қоғамның өзекті мәселелерін талқылау үшін осындай жиынды тұрақты негізде өткізуге келісті. Отырыс барысында айтылған ұсыныстар қарау және шаралар қабылдау үшін Парламентке, Үкіметке және Ұлттық Құрылтайға жіберіледі.