Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдар басшыларына ескерту жасады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдар басшыларына ескерту жасады
603
оқылды
Бұл туралы бүгін Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Мақсат Қожабаев айтты, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Оның айтуынша, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамамен 11 мыңға жуық НҚА жобасы қамтылған, онда 28 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық факторлары анықталған. Қорытындысы бойынша 5 мыңға жуық құқықтық құжаттар қабылданып, қолданысқа енгізілді. Нәтижесінде, қабылданған НҚА-ның жартысынан астамында әзірлеу кезеңінде де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталды. Қабылданған НҚА-ны талдау көрсеткендей, барлық ведомстволар құжаттарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама арқылы жүргізбейді және осыған ұқсас жобаларда бұрын белгіленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүйелі шаралар қабылдайды. Ағымдағы жылдың 2 айында мемлекеттік органдар 85 жобаны сараптамаға жібермеді. Ал әзірленіп жатқан көптеген нормаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.
«Мемлекеттік органдағы құқық шығармашылығы қызметінің тиімділігін арттыру, оның ішінде НҚА жобаларын әзірлейтін қызметкерлер үшін тұрақты және дәйекті семинар-тренингтер өткізу; бұдан басқа, НҚА жобаларында құқық қолданушыларды Қылмыстық кодекстің 15-тарауында регламенттелген сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға әкеп соғуы мүмкін сыбайлас жемқорлық факторларына жол бермеуге назарын аудару қажет", - деп атап өтті М. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ ғылыми сараптама және талдау институты директоры М. Қоғамов
Сондай-ақ ол НҚА жобасын әзірлеуші мен ғылыми құқықтық сарапшы арасындағы тұрақты байланыс, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын алғаннан кейінгі кезеңде, сараптама барысында анықталған сыбайлас жемқорлық нормаларын жою мақсатында өзекті екенін атап өтті. Кеңес нәтижелері бойынша әзірлеуші органдарға заң шығару қызметін күшейту және НҚА жобаларында сыбайлас жемқорлық факторларына жол бермеуге назар аудару ұсынылды.