Алматыда Amanat партиясы ұйымдастырған митинг өтіп жатыр
Алматыда Amanat партиясы ұйымдастырған митинг өтіп жатыр
367
оқылды

Алматыда Шоқан Уәлиханов атындағы алаң маңында AMANAT партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен келісілген митинг басталды. Митингке қатысушылар Президенттің саяси реформалар бағдарламасын қолдайтындықтарын білдіруде. Транспаранттар ұстаған жастардың қатары көп.

Митинг Қазақстанның мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды.  width=
«Біздің бағытымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз – көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз! Басқа партиялар билікке жетуді көздесе, біз ең әуелі Тәуелсіз Қазақстанның мүддесі үшін жұмыс істейміз! Ардақты ағайын, Абай атамыздан қалған аманат сөз бар: «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос». Сондықтан, күшіміздің бірлікте екенін көрсетіп, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Біз біргеміз!» - деді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.
 width=