Қаңтар оқиғасы кезінде ерлік көрсеткен аула сыпырушы мен солдатқа көмектескен әйел марапатталды
Қаңтар оқиғасы кезінде ерлік көрсеткен аула сыпырушы мен солдатқа көмектескен әйел марапатталды
187
оқылды
Қаңтар оқиғасы кезінде ерлік көрсеткен жандар марапатталды. Соның бірі – тәртіпсіздік ошағындағы үйлердің біріндегі өртті сөндірген ержүрек аула тазалаушы Арлан Мутишев және жараланған сарбаздарды құтқарған әйел Мария Чечина. Арлан Мутишев марапатталатыны туралы әкімдіктен қоңырау шалған кезде білген, – деп жазады Тengrinews.kz. Алғашында не үшін марапатталатынын түсінбеген. Өйткені марапаттауға еш себеп жоқ ойлады. Кейіпкеріміз өзін батырлық жасадым деп есептемейді. «Жай ғана өз жұмысымды адал атқардым» дейді. 47 жастағы ер адам ауысыммен аула тазалаушы және газ дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. «Қатты қобалжыдым. Мұндай жағдай менде бірінші рет болып тұр. Марапатты қала әкімінің қолынан салтанатты түрде алдым. Көп адам болды. Әрине, бұл жақсы. Бірақ мен өзімді мақтағанды ұнатпаймын", – дейді Арлан. Ол  "Шапағат" медалімен марапатталды. Бұл марапат белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін табыс етіледі. Оны Арлан Мутишев өзінің батыл әрекеті үшін алды. Тәртіпсіздік болып жатқанда өрт шыққан болатын. Өрт сөндірушілер көмекке келе алмады, сол кезде ер адам өз еркімен өртті сөндіруге асықты. Осылайша, аула тазалаушы көппәтерлі үйдің тұрғындарын құтқарып қалды. Сонымен қатар "Шапағат" медалімен Мария Чечина да марапатталды. Ол митинг болып жатқан кезде жаралы солдат  пен оның әріптестерін көлігіне мінгізіп, әскери училищеге апарған. Қала тұрғындары ержүрек әйелдің әрекетіне таңғалған еді.  width=

                                                                                                                         Фото: tengrinews.kz