Алматы тұрғыны бүлік кезінде жараланған сарбаздарды құтқарып қалды
Алматы тұрғыны бүлік кезінде жараланған сарбаздарды құтқарып қалды
Фото: newtimes.kz
339
оқылды
Алматылық әйелдің ерлігі туралы блогер Александр Цой Instagram-да жазды. "Достар, мына қызға қараңыздаршы. Бұл – Мария Чечина, алматылық, халықаралық деңгейдегі заңгер. Ол ерлік жасады,  ол туралы білсеңіздер деймін. Наразылыққа шыққандар жаралы  сарбазды подъезіне сүйреп әкелген», - деп жазды ол. Оның айтуынша, Мария Чечина жараланған солдат пен тағы екі қауіпсіздік қызметкерін көлікке мінзігіп, әскери бөлімге апарған. "Бүлік болған, өртеніп жатқан қалада жүріп, 3 жігітті құтқарды. Тек үйіне оралғанда ғана қандай тәуекелге барғанын түсінген. Мария, сіз нағыз ерлік жасадыңыз. Батылдық пен жанқиярлығыңыз үшін көп рақмет", – деді блогер.