Елордалық түрмеде қызметкерді балағаттаған жазасын өтеушіге айыппұл тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/5 мекемесінде К. есімді жазасын өтеуші 4 қаңтар сағат 07:25-те таңғы ас кезінде өзіне рұқсат етілмеген үстелге отырған. Сол уақытта сотталғанның осы әрекетін көрген Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/5 мекемесінінің қызметкері басқа үстелге рұқсатсыз отыруға болмайтындығы туралы ескерту жасаған. Алайда сотталған К. аталған ескертуді елемеді. Сотталушы агрессивті түрде қызметкердің киім кешек формасын киіп, қызметте жүргенін біле тұра теріс жауап қайтарып, сотталғандардың көзінше қадір-қасиетіне, ар-намысына тиіп, балағат сөздер айтып, өзінің теріс мінез-құлқын көрсеткен. Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде сотталғанды тиісті жазаға тарту үшін сотқа жадығат жолданды. 17 наурызда Ақмола облысы Аршалы аудандық сотының үкімімен ҚК-тың 378-бабы 2-бөлігінде (Билік өкілігін қорлау) көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, яғни 61 260 теңгені құрайтын жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ҚК-тің 98-1 (Мәжбүрлі төлем) және 98-2 (Мәжбүрлі төлем мөлшері) баптарына сәйкес сотталушыдан жәбірленушілер өтемақы қорына бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 15 315 теңге өндірілуі тиіс.