Ақтауда жоғалған жігіт 16 күннен бері табылмай жатыр
Ақтауда  жоғалған жігіт 16 күннен бері  табылмай жатыр
169
оқылды
Ақтауда 16 күннен бері ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Lada.kz. Еламан Нұржановтың туыстары оны табамыз деп үміттенеді. Еске салайық, наурыздың басында Еламан Нұржанов достарымен бірге Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылында қонаққа жиналған. Жиыннан кейін ер адам ештеңе деместен белгісіз жаққа кетіп қалған. Онда телефоны да, құжаттары да болмаған. Белгілері: бойы 168-170 сантиметр, орта денелі. Үстінде: сұр-қара жейде және қара спорт костюмі болған.