Дэвид Бекхем өз Instagram парақшасын Харьков перзентханасының дәрігеріне берді
Дэвид Бекхем өз Instagram парақшасын Харьков перзентханасының дәрігеріне берді
©www.kommersant.ru
220
оқылды

Танымал футболшы Дэвид Бекхем  71 миллион жазылушысы бар  Instagram парақшасын Харьков перзентханасының дәрігеріне берді. Бұл жайында Дэвид Бекхем 20 наурызда жазба жариялаған.

"Менің парақшамды бақылап, Ирина және өзге де дәрігерлердің Украинадағы өмірді сақтау үшін атқарған жұмысы жайлы көбірек білесіздер. Өтінемін, UNICEF-ке көмек көрсетіңіздер", – деген футболшы парақшасын Харьковтегі перинаталды орталық басшысы Иринаға беретінін айтқан. Бұл орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Нақтырақ айтсақ,  әскери іс-қимыл кезінде әйелдер босана алады.