Қайрат Боранбаевтың футбол клубы мәлімдеме жасады
Қайрат Боранбаевтың футбол клубы мәлімдеме жасады
© minber.kz
180
оқылды
Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі «Қайрат» футбол клубы ресми мәлімдеме жасады. «Қайрат» футбол клубы өзінің ұсталған қожайынына қатысты пікір білдірген жоқ, керісінше ештеңе болмағандай кейіп танытып, көрермендерді келесі матчқа шақырды.
"Қайрат" футбол клубы клубтағы жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатқанын хабарлады. Академия жаңа маусымға дайындықты жалғастыруда, ал негізгі құрам 17 наурыз, бейсенбі күні Орталық стадионда сағат 17:00-де өтетін "Тараз" ФК матчына дайындықты жалғастыруда. Барлығыңызды күтеміз!", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда ұсталған Қайрат Боранбаевтың ұсталу сәтінен видео пайда болғанын жазған болатынбыз.