Футболдан Үндістанның Малаппурам қаласында өткен 7х7 турнирі қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады.
Prosports.kz-тің хабарлауынша, матчтардың біріне 3500 адамға арналған трибунада 8 мың көрермен болған. Сол ескі құрылыс жанкүйерлерді көтере алмай, дәл алдындағы халықтың үстіне құлады. Жарықтандыру мұнарасы да бұзылған.
Салдарынан 200-ден аса адам түрлі дене жарақаттарын алды, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Қазір қаза тапқандар туралы хабар жоқ. Полиция төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.