Рекорд: Шымкентте ең ұзын қазы дайындалды

Рекорд: Шымкентте ең ұзын қазы дайындалды

Елдің үшінші мегаполисінің тұрғындары тағы да көшбасшылар қатарында. Шымкентте Наурыз мерекесінде ең ұзын қазы дайындалды. Ұзындығы  – 30 метр, – деп хабарлайды Оtyrar.kz. Жылқы етінен жасалатын өнім елде ғана емес, сонымен қатар шетелде де танымал. Қазыны ондаған аспаз дайындап, дайын өнімді әлеуметтік мекемелерге таратып берді. Қазы арнайы рецепт бойынша жасалған, алайда аспаздар дайындау құпиясын ашпады.