Ауыр атлет Ниджат Рахимов алтын медалінен айырылып, сегіз жылға спорттан шеттетілді
Ауыр атлет Ниджат Рахимов алтын медалінен айырылып, сегіз жылға спорттан шеттетілді
345
оқылды

Қазақстан құрамасында өнер көрсететін ауыр атлет Ниджат Рахимов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін алтын медалінен айырылып, сегіз жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Спорттық арбитраждық соттың (CAS) ресми сайты хабарлады.

Рахимов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) допингке қарсы ережесінің 2.2-бабын бұзғаны үшін айыпталып отыр. Рахимов 77 келіге дейінгі салмақта 2016 жылғы Олимпиада чемпионы. CAS хабарлағандай, 2016 жылдың 15 наурызы мен 2021 жылдың 18 қаңтары аралығында ауыр атлеттің барлық нәтижелері жойылады. Айта кетейік, Рахимов Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында 77 келі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.