Танымал актер өмірден өтті
Танымал актер өмірден өтті
Фото: vecher.kz
262
оқылды

Көрерменге «Біздің сүйікті дәрігер» фильміндегі рөлі арқылы етене таныс актер Юрий Померанцев өмірден өтті, – деп жазады inform.kz.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Померанцев 100 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Юрий Померанцев 1923 жылы 11 ақпанда Украинаның Киев қаласында туған. Кейіннен оның отбасы Қарағандыға қоныс аударды. Әкесінің қазасынан кейін анасымен бірге Мәскеуге көшіп, майданға аттанды. Ауыр жараланғаннан кейін 1943 жылы Юрий Борисович Алматыға келеді. Өнер жолы Алматыда басталды. Актер театр және кинода ондаған рөлдерді сомдады. Көрерменге Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» фильміндегі бас кейіпкер Анатолий Лавровтың рөлі арқылы таныс. Ол 300-ден аса кейіпкердің бейнесін сомдады. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша 1968 жылы қойылған Абай драмасындағы басты рөлдердің бірін сомдады. 2018 жылдың мамырда Юрий Померанцевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Сол жылы Ресейдің «Достық» орденін де иеленді.