Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті хабарлады.
Өртенген көлік Матросов пен Энгельс көшелерінің қиылысында тұрған.«Өртті сөндіргеннен кейін Mazda маркалы көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді полицейлер.Марқұмның кім екенін анықтау үшін сараптама жасалады.
Бұған дейін Шымкентте жол апатынан үш адам мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.