Қазақстан елшілігі Украинадан Польшаға 7 адамды ит-мысығымен жөнелтті
Қазақстан елшілігі Украинадан Польшаға 7 адамды ит-мысығымен жөнелтті
Фото: Қазақстанның Украинадағы елшілігінің Telegram арнасынан алынды
141
оқылды

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Польшаға тағы 7 адамды жіберді. Бұл туралы елшіліктің Telegram арнасы хабарлады.

«Бүгін Қазақстанның Украинадағы елшілігі Львовтан Катовицеге (Польша) 7 адамды ұшақпен жөнелтті. Оның ішінде 12 және 4 жастағы балалар, сондай-ақ 2 мысық пен бір ит бар» делінген ресми ақпаратта.
https://youtu.be/nwwHR7CZ19o

Бұған дейін 25 наурызда Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялайтын тағы бір рейс ұйымдастырылатынын хабарлаған болатынбыз.