Қостанай қаласының әкімі ауысты
Қостанай қаласының әкімі ауысты
Фото: tobyl-torgai.kz
442
оқылды

Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды.

Әкімдіктің мәліметінше, Қостанай қаласы мәслихатының депутаттарының келісімімен және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің бұйрығымен Марат Күнісбайұлы Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды. Марат Жүндібаев – Қостанай ауданы Новоселовка ауылының тумасы. Үш жоғары білімі бар. 20 жылдан бері Қостанай облысы жергілікті атқарушы органдары құрылымында түрлі қызметтер атқарған. Облыс әкімінің орынбасары да болған. Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болған.