Тоқаев сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Тоқаев сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
Фото: Берік Уәлидің Facebook-тағы парақшасынан алынды

Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Биыл - Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл. Ал бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып отыр.
Тоқаев сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлының мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді.
Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі.
Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын.
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.