Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ыдыс-аяқ дүкенін тонаған ер адам ұсталды.
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде А есімді азамат сауда орталықтарының бірінде орналасқан ыдыс-аяқтар бутигіне заңсыз кіріп, жалпы құны 5 миллион теңгеге жуық асүй ыдыстарын алып кеткен. 32 жастағы ұсталған азамат қылмысын мойындады. Оның беті бірден бірнеше бейнебақылау камерасына, соның ішінде тонау куәгерлерінің смартфондарына түсіп қалған, – деп хабарлады Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.Polisia.kz-тің хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) қаралады. Қылмыскер ұрланған заттарды сата алмаған. Жедел уәкілдер ұрланған асүй ыдыстарын тәркілеп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркеген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.