Алматыда әйелдер мен мектеп оқушыларын тонаған ұры ұсталды
Алматыда әйелдер мен мектеп оқушыларын тонаған ұры ұсталды
144
оқылды
Алматыда балаларды тонаған қалта ұрысы ұсталды. Ол көбінесе әйелдер мен мектеп оқушыларының қалтасын қаққан.
«Қоғамдық көліктегі ұрлықтың алдын алу бойынша іс-шара барысында біздің бөлімше қызметкерлері қалалық криминалдық полициядағы әріптестерінің көмегімен қоғамдық көлік бағыттарының бірінде 33 жастағы Д.есімді азаматты ұстады. Оның қалтасынан ұрланған смартфон табылды. Мобильді құрылғы тәркіленіп, оқушының ата-анасына қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Алматы облысының тумасының осыған ұқсас басқа да қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деп хабарлады Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.