Ведомствоаралық комиссия (ВАК) еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар шешім қабылдады. Енді Pfizer препаратымен вакциналауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіліп, ол келесідей санаттармен толықпақ: бастапқы вакциналаудан өтетін (профилактикалық) вакцина алғысы келетін адамдар; түрлі себеппен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар; шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе алушылар және COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.