Азия ашық чемпионаты мәресіне жетті
Азия ашық чемпионаты мәресіне жетті
158
оқылды
Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия ашық чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 36 жүлде бар. Жарыста Мария Полдяева (Азияның абсолютті чемпионы атағын алды), Диас Омаров, Полина Егорова, Егор Гребенщиков, Кристина Титиевская, Никита Акимов, Ксения Долгополова және Владислав Киреев ерекше көзге түсті. Полдяева төрт алтын, Омаров екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды, Егорова үш алтын және бір күміс медальға ие болды. Айта кетерлігі, аталған жарыс 2023 жылы Щучье қаласында өтетін әлем чемпионаты алдындағы сынақ жарысы болып саналады.

Әбілмансұр ЖАСАН