Төрт облыста мұғалім жетіспейді
Төрт облыста мұғалім жетіспейді
Фото: novostipmr.com
238
оқылды

Білім және ғылым министрлігі кадр тапшы өңірлерді атады, – деп жазады 24.kz.

Педагогтер жетіспейтін төрт өңірдегі мектептерге 1906 маман қажет. Олар: Алматы облысы – 571, Атырау облысы – 651, Маңғыстау облысы – 212 және Түркістан облысында 472 мұғалім жетіспейді. Ал пәндер бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 528, бастауыш сыныпқа – 259, математика – 246 және ағылшын тілінен 220 мұғалім жетіспейді.

Бұған дейін мұғалімдердің жалақысы екі есе өсетінін хабарлаған болатынбыз.