Кеше Қарағанды облысы «Саран» шахтасында 57 жастағы кенші қаза тапты.
Шахта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-қа тиесілі. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.«Саран» шахтасында кен опырылып құлап, 1965 жылы туған кенші қаза тапты. Арнайы комиссия оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды» делінген «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың ресми хабарламасында.
Бұған дейін жарылыстан аман қалған кенші «Көмір қазуға шахтаға енді түспеймін» деген еді.