А4 форматындағы 1350 теңгелік кеңсе қағазы 3-4 мың теңгеден сатылып жатыр
А4 форматындағы 1350 теңгелік кеңсе қағазы 3-4 мың теңгеден сатылып жатыр
406
оқылды
Өскемендегі кеңсе тауарларын сататын дүкендерде офистік қағаздар қымбат бағамен сатылып жатыр. Облыс орталығының тұрғындары қала дүкендерінде А4 форматындағы қағаздардың тапшы екенін айтады. «Біз мекемеге бір жылға 30 қапшық қағаз алып қоятын едік. Бір қапшықта бес бума. Соңғы рет желтоқсан айында бір буманы 1350 теңгеге алдық. Осы жолы жеткізушіге хабарлассақ бір адамға тек бір бумадан, оның бағасы 3 мың теңге екенін айтты» дейді қала тұрғыны. Кеңсе тауарларын сататын дүкен қызметкерлері қағаз тапшылығының себебі қазіргі Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты екенін жеткізді. «Ресейдегі зауыттар тұралап жатыр. Осы себептен бізде қағаз жоқ. Оларда орман бар, қағаз бар. Мәселе Еуропадан жеткізілетін қосымша жабдықтарда болса керек. Қазір офистік қағаздар ғана емес, картон, тезтікпелер де нашар жеткізілуде» дейді сатушы.