17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ЕУРО-2022 В лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Швейцария құрамасымен матч өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Вильнюс қаласында (Литва) өткен матчта қазақстан құрамасы 0:12 есебімен жеңіліп қалды. Үзіліске дейін швейцариялық футболшылар жеті гол басымдыққа ие болса, екінші таймда тағы бес гол соқты.
Сондай-ақ В лигасының бесінші тобында Қазақстан және Швейцария құрамаларымен бірге Литва құрамасы бар. Бұған дейін Швейцария Литваны 3:0 есебімен ұтқан болатын. Қазақстан мен Литва арасындағы ойын 29 наурызда өтеді.