Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшқан "Эйр Астана" борты әуежайға қайта оралды
Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшқан "Эйр Астана" борты әуежайға қайта оралды
Сурет: TENGRINEWS/Турар Казангапов ©
165
оқылды

Бүгін таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша Эйр Астана әуе компаниясының А 321 әуе кемесі герметикалықты жоғалтудың техникалық себебіне байланысты ұшу әуежайына қайта оралды, - деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

"Әуе кемесі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонды. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған", - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізетін болады.