Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
153
оқылды

Ақтөбедегі тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Лада» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан.
«Нокина даңғылымен келе жатқан Lada көлігінің 39 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан «Лада» көлігінің жүргізушісі мен оның жеке басы анықталмаған жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі дене жарақатымен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.
Полиция департаменті көліктің барлық қатысушыларын жол қауіпсіздігі үшін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.