Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат болды
Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат болды
Сурет: liter.kz
235
оқылды

26 наурыз күні сағат 21.30 кезінде Петропавлдағы ЖЭО-2-де апат болды, - деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

"Қазір кәсіпорында екі қазандық және екі турбина жұмыс істейді. Ал желілік судың температурасы Цельсий бойынша 43-37 градус", - деді Петропавл әкімдігінің өкілдері.
Мұнымен қатар, кәсіпорын баспасөз қызметі ЖЭО-2-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқаны хабарлады. Бұл жұмыстардың қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.