Қазақстанда автомобиль дискілерін шығаратын жаңа зауыт салынуы мүмкін. Бұл жоба Ташкент инвестициялық форумында талқыланды. Өзбекстандағы бизнес серіктестермен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі кездесті, - деп хабарлайды «24.kz» арнасы.
"Көрші елмен машина жасау саласында бірлескен орта деңгейдегі жобалар бар. Енді ірі санаттағысын қолға алу көзделіп отыр. Тараптар автомобиль дискісі мен басқа да бөлшектерді еліміз аумағында жасауға ниеттестік білдірді", — деді Қ.Өскенбаев.
Форумға қазақстандық бизнес өкілдері де жиналды. Олар іскерлік кездесулер аясында бірлескен кәсіпорын құруға бағытталған 10-нан астам келісім жасасты.
"Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Сол себепті 100 шақты кәсіпкер бізбен еріп келді. Қазақстанда, Өзбекстанда бірге атқаратын кәсіпке дайын тұрмыз. Сондықтан жиналып талқылап жатырмыз", — деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.Өскенбаев.