Қазақстандық велоспортшы Азия чемпионатынан алтын алды
Қазақстандық велоспортшы Азия чемпионатынан алтын алды
253
оқылды
Қазақстандық Рината Сұлтанова Тәжікстанда өткен шосседегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz сайты. Сұлтанова жекелеген жарыста үздік атанды. Велошабандоз 24 шақырымдық қашықтықты 33 минут 24,632 секундта еңсеріп, әйелдер арасындағы элиталық санаттағы үздік уақытты көрсетті.
Екінші орынды индонезиялық Делиа Приатна (+34,643) еншіледі. Қола медаль моңғол спортшысы Солонго Цэрэнлхамға бұйырды (+01:39.450). Айта кетейік, Рината Сұлтанова шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атағын жеңіп алған тұңғыш қазақ шабандозы атанды.