Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді
Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді
Фото: tourister.ru
191
оқылды

Үкімет қаулысымен Орал халықаралық әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді.

БҚО Тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, әуежайға М.Мәметованың есімін беру туралы ҚР Үкіметінің 18 наурыздағы қаулысы шықты. Қаулы шыққан күннен бастап күшіне енді.
Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. Пулеметші қыз 1943 жылы 16 қазанда майданда қаһармандықпен қаза тапқан. Оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Биыл Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойына орай мәдени іс-шаралар өтеді.