Дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңгеге дейін өседі – Ажар Ғиният
Дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңгеге дейін өседі – Ажар Ғиният
©egemen.kz
338
оқылды

2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерімен кездесуде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты министр медицина қызметкерлерін материалдық қолдау және дәрігер мамандығының мәртебесін арттыру шаралары туралы айтты. Оның айтуынша, дәрігерлердің жалақысы жыл сайын көтеруін ескеріп, 2023 жылы 550 мың теңгеге дейін өсіру қарастырылған. Бұл экономика бойынша орташа жалақымен салыстырғанда 2,5 есе жоғары. Сондай-ақ министр медицина студенттеріне арналған гранттар мен стипендиялардың құнын арттыру, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін әлеуметтік пакетті жақсарту туралы айтты. ДСМ өкілдері болашақ дәрігерлермен кездесу ашық интерактивті форматта өтіп, студенттерге сауалнамаға қатысуға, талқылау үшін сұрақтар қойған.