Партия ақиқатты айтқан азаматтардың пікірін тыңдап, оппозициямен жұмыс істеп үйренуі керек – тарихшы Бүркітбай Аяған
Партия ақиқатты айтқан азаматтардың пікірін тыңдап, оппозициямен жұмыс істеп үйренуі керек – тарихшы Бүркітбай Аяған
Фото: el.kz
807
оқылды

AMANAT партиясының TALQYLAU алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы талқыланды.

TALQYLAU-ға партия басшылығы, Мәжіліс депутаттары, сарапшылар қауымдастығы мен қоғам қайраткерлері қатысып жатыр. Жиынға қатысқан тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған қоғамды дамыту, азаматтардың жаңа көзқарасын қалыптастырудың тәсілін өзгеру маңызды екеніне тоқталды.
«Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан негізгі мәселелерін жүйелі іске асыру үшін қоғамның үніне құлақ түру маңызды. Әрбір мәселені өткен тарихта кеткен қателіктерден сабақ ала отырып, түзеткеніміз жөн. Мәселен, саяси жүйеге жаңа бетбұрыс әкелу үшін қасаң қағидалардан арылу қажет деп санаймын. Менің ұсынысым, партия оппозициямен жұмыс істей алуы тиіс. Әрине, партиялар арасында бәсеке керек. Дегенмен, кеңес заманындағы «тек біздікі дұрыс, олардыкі қате» деген түсініктен арылып, дәлелді пікірі бар, ақиқатты айтқан азаматтардың айтарын тыңдап, одан қорытынды шығара білу өте маңызды. Осындай ұсыныстарымды ескерсеңіздер екен», – деді  тарихшы Бүркітбай Аяған.

Бұған дейін талқылауға қатысқан Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков «Сайлауда «менің бір дауысым мәселені шешпейді» деген сыңаржақ пікірден арылатын кез жетті» деген еді.