Украина-Ресей келіссөздері: әскери белсенділікті күрт төмендетуге шешім қабылданды
Украина-Ресей келіссөздері: әскери белсенділікті күрт төмендетуге шешім қабылданды
Фото ©РИА Новости
Стамбұлда Ресей-Украина келіссөздері ресейлік делегация басшысы  Владимир Мединский мен Украина Жоғары Радасындағы "Слуга народа" басқарушы фракциясы жетекшісі  Давид Арахамия арасында тет-а-тет форматында өтті, – деп хабарлады РИА Новости. Владимир Мединскийдің айтуынша, Ресей Украинадан түсінікті тұжырымдалған ұстанымда жауап алды.
"Украиндық тараптан жасалған ұсыныстар таяу уақытта талқыланып, Ресей президентіне жеткізіледі, тиісті жауап беріледі", – деді Мединский.
Сондай-ақ Ресей қорғаныс министрлігі Киев және Чернигов бағыттарында әскери белсенділікті күрт төмендетуге шешім қабылдады, – деп хабарлады агенттік ведомство басшысының орынбасарына сілтеме жасап.