Қатты дауылдың салдарынан Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық бағыттағы жол жабылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.
Сонымен қатар Қарағанды облысында барлық бағытта көлік қозғалысы шектелді.
Қазіргі уақытта "ҚазАвтоЖол" сайтында жарияланған жедел ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан мен Қарағанды жолдары толық жабылған.
Сондай-ақ, "ҚазАвтоЖолдың" Ақтөбе филиалы тұрғындарға алыс жолға шықпауға және ауа райының қолайсыздығы туралы хабарларды назардан тыс қалдырмауға кеңес берді.
"Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз! Төтенше жағдай орын алған жағдайда 1403 қысқа нөміріне хабарласу қажет", – делінген филиал хабарламасында.