Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында 7 алтын еншіледі
Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында 7 алтын еншіледі
168
оқылды
Қазақстан құрамасының велошабандозы Игорь Чжан Душанбеде өтіп жатқан шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында топтық жарыста жеңіске жетті. Азия чемпионаты аясындағы соңғы спринтерлік жарыста Игорь Чжан жеңімпаз атанды. Оны өкшелей қуып жеткен Нариуки Масуда (Жапония) және Жамбалжамц Ерденабат (Моңғолия) екінші және үшінші орындарға ие болды. Осылайша, қазақстандық команда Азия чемпионатын жеті алтын, сегіз күміс және бес қола медальмен түйіндеді.