«TALQYLAU» – партияның жаңа диалог алаңы
«TALQYLAU» – партияның жаңа диалог алаңы
298
оқылды
«AMANAT» партиясының Қоғам­дық саясат институты жанынан «TALQYLAU» жаңа диалог алаңы өз жұмысын бастады. Парламент де­путаттары, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысқан алғашқы талқылау Мемлекет басшысының Жолдауына және ара­лас сайлау жүйесіне көшуге ар­налды. Тал­қы­лау әлеуметтік же­лі­лерде тіке­лей эфирде көрсетіліп, интерактивті форматта өтті. «AMANAT» партиясы ашық, кәсіби және тең жағдайда – жария диалогтің жаңа стандартын қалыптастырады. Отырыстың негізгі уақыты саяси жүйені трансформациялау және аралас сайлау жүйесіне көшу туралы пікірталастарға арналды. Бұл ретте спикерлерге залдағы сарапшылар мен қатысу­шылар ғана емес, сонымен қатар тікелей эфир ар­қылы көрермендер де сұрақ қоюға мүм­кіндік алды. Жалпы, 700-ден астам пікір мен сұрақ келіп түсті. партия «TALQYLAU»-дың алғашқы отыры­сын ашқан «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Пре­зи­дент жариялаған реформалар Қазақ­стан­ның мемлекеттік құрылысы тари­хының жаңа кезеңіне бастайтынын атап өтті. «Сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Бұл елдегі демократиялық өз­герістердің катализаторы мен негізіне ай­налатыны сөзсіз. Саяси партияларды тір­кеу ресімдерін жеңілдету жаңа саяси қозғалыстардың құрылуына серпін береді және жұмыс істеп тұрған саяси бір­лес­тіктердің өз қызметін жандан­ды­руы­на алып келеді. Бұл бағытта «AMANAT» пар­тиясы белсенді жұмыс іс­теуде. Съез­ден бері бір айға да жет­пей­тін уақыт өтті. Соған қарамастан оның барысында ай­тылған міндеттер мен бас­та­малар бүгінде іске асырылып жатыр және «TALQYLAU» – сол бастамалардың бірі», – деп атап өтті партияның Атқару­шы хатшысы.   жиынӨз кезегінде «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Саясат Нұрбек талқылау алғаш рет ті­ке­лей эфирде өтіп жатқанын алға тартып, «Біз бүгін құрылымданбаған, цензурадан өтпеген ашық диалог дәстүрін бастаймыз деп үміттенеміз. Бұл Президент Жолдауы аясында өте маңызды, өйткені «Жаңа Қазақстан» жұмысын жаңа қағидаттар мен жаңа жұмыс форматтарынан бастау керек», – деді. «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева «мықты қоғамсыз мықты мемлекет құру мүмкін емес» деген пікір білдірді. TALQYLAU «Біз жаңа реформаларға дайынбыз. Жұртшылық көп нәрсе өзгереді деген үмітпен Жолдауды ықыласпен қабыл­дады. Азаматтық қоғам өкілдерімен бір­лесіп заңнамалық өзгерістерге қатыс­ты көптеген жұмыс атқарылады деп күтеміз», – деді ол. Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, қазір елімізді жаңа деңгейге көтеруге үлкен мүм­кіншілік бар. Ол үшін Жаңа Қазақ­стан­­да өзгерісті әркім өзінен бастауы керек. «30 жылда жеткен жетістіктеріміз бар. Бірақ кемшіліктеріміз де аз емес. Жаңа Қазақстанда партиядан бастап, әрбір азаматқа дейін, ауыл әкімінен Пре­зи­денттің жұмысына дейінгі жі­беріл­ген кемшіліктерді анықтап, тіпті соның тізімін де жасасақ. Бюджетті құруда бізде көптеген гигантонамия болды. Қаншама миллиардтаған қара­жат басқа жаққа жұмсалып, ал мына жақта халық үйсіз-күйсіз жүрді. Оның барлығы кемшілік пе? Әрине, кемшілік. Сондықтан Пре­зи­денттің айтқаны, бірінші кезекте ба­сым­дық өзгеруі керек. Ол үшін халықтың жағдайына қарау қажет. Барлығының өлшемі – адам. Міне, қазіргі біздегі на­ғыз қағи­да – осы. Біртіндеп соған келе жа­тыр­мыз», – деді депутат. хатшы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» туралы айтқанда біз әрқашан «құлақ асатын мемлекет» жағдайында «айтатын» қоғам қажет екенін түсінуіміз керек. Егер ашық «айтатын» қоғам болмаса, онда олар кімнің үніне құлақ асуы керек? Енді процесті жылдамдату керек. Өйткені Жолдауда идеялар ғана айтыл­ды, ал оларды қалай жүзеге асыраты­нымызды біз бірге ойлануымыз керек. «AMANAT» партиясы өзінің алғашқы өзгерістерін ашық алаңнан бастағаны және бізді шақырғаны құптарлық», – деді қоғам қайраткері, «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті Мұрат Әбенов. Сондай-ақ Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов, Еуро­палық құқық және адам құқықтары инс­­титутының директоры Марат Бәшімов, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қаз­бек Майгелдинов, БҒМ Ғылым комите­тінің Мемлекет тарихы институты ди­ректорының орынбасары Бүркіт Аяған, Парламент Мәжілісінің депутаты Ті­лектес Адамбеков және басқалар өз пікірін жеткізді. партия Келесі «TALQYLAU» отырысы под­каст жазбасы, дебаттар, пікірталастар сияқты түрлі форматта өтеді. Әрі қарай та­қырыптар Қоғамдық саясат институ­тының Теlegram арнасында дауыс беру қорытындысы бойынша анықталатын болады. Естеріңізге сала кетейік, «TALQYLAU» пікірталас алаңын құру бас­­тамасы 1 наурызда өткен кезектен тыс съезде партияны трансформациялау бағдарламасының бір тармағы ретінде жарияланған еді. Алаңда азаматтарды тол­­ғандыратын өзекті мәселелерді ше­ше­­тін ұсыныстар әзірлеу үшін сарап­шы­лар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері тұрақты түрде кез­деседі. Сонымен қатар пікір­талас Аiqyn және «Литер» газеттерінің арнайы ай­дарларында жарияланатын болады. Адамбеков Тілектес АДАМБЕКОВ, Мәжіліс депутаты:

СЫҢАРЖАҚ ПІКІРДЕН АРЫЛАТЫН КЕЗ КЕЛДІ

– Жолдауда ерекше көңіл бөлінген мәселенің бірі – пар­тиялар арасында бәсекені күшейту. Өзара пар­тиялар ара­сында бәсекені арттыру мә­селесі бүгінгі қо­ғамда өзек­ті мәселе. Бәсекелестік күшейсе, қоғамда да саяси өзгерістерге деген көзқарас жаңаша қалыпта­са­ды. Сайлауға қатысуға байланысты кейбір азамат­тардың немқұрайдылығының да себебі бар. Мысалы, сай­лауда «менің бір даусым мәселені шешпейді» деген сыңаржақ пікірден қоғамды арылтатын кез жетті. Сонымен қатар Жолдауда шенеуніктердің туған-туысын жоғары лауазымды қызметтер атқаруға шектеу енгізілуі қуантарлық жағдай. Бұл – осыған дейінгі кеткен кемшіліктерді түзеуге, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын ашық, жария түрде жүргізуге берілген бірден-бір мүмкіндік. Мемлекет басшысы айтқан тағы бір мәселенің бірі – шенеуніктердің, депу­таттардың халықпен етене жақын жұмыс істеуі. Мұны айтып отырған себебім, жер­гілікті жерде-ақ шешілетін мәселелерді бізге, яғни Мәжіліске жазып, араша сұрай­тындар әлі де бар. Жергілікті жердің мәселесі сол аймақта ше­шілсе, қоғамда алға жылжу, даму болады. Әбдіғалиұлы Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, Мәжіліс депутаты:

ХАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

– Бұл Жолдаудың ерекше­лігі – нақты бір тақырыпқа ар­­налады. Ол – саяси рефор­ма. Мемлекет басшысы қаңтар айындағы үндеуінде бұл Жолдауын күзде жа­саймын деген еді. Бірақ еліміздегі ахуалдың тез өзге­руіне байланысты Президент Жолдауын шұғыл нау­рызда айтуға шешім қабылдады. Бірақ бұл ұсыныстар бұрыннан бері дайындалып келе жатқан. Мұны сайлау кезінде де айтқан. Бірақ қаңтардан кейін елімізде ахуал өзгерді. Қазір саяси билік түгелдей Мемлекет басшысының қолына тиді. Қауіпсіздік кеңесі де, партия да, Ассамблея да. Яғни, толыққанды саяси реформа жасауға Президенттің мүмкіншілігі кеңейді. Сосын халықтың талабы күшейді. Ел өзгерісті бұрыннан-ақ талап ететін. Бірақ қаңтар оқиғасынан кейін халық өзгерістерді қазір, бүгіннен талап етіп жатыр. Сондықтан өзгерістер пісіп-жетілгені туралы талай айтып жүрміз. Осы жолғы Жолдауды алғашқы үлкен тұжырымдама ретінде есептеуге болады. Оның өзін мен алғашқы бастамасы деп есептеймін. Әлі де реформалар болады. Өйткені мұны халық талап етіп отыр. Әлеуметтік желі болсын, халықтың арасында жүрсеңіз де, қайда болсын халық өзгерісті талап етеді. Бірінші кезекте әр адамның жағдайына қарау керек. Әр ауылдан бастап бюджетті жоспарлағанда әрбір тиын әрбір азаматқа, соның өлшемі болуы тиіс. Адам – бізде барлығына өлшем. Міне, қазіргі біздегі нағыз қағида осы. Соған келе жатырмыз. Жаңа Қазақстанда ең бастысы бәрін өзімізден бастайық. Бізде қазір елімізді жаңа деңгейге көтеруге үлкен мүмкіншілік бар. Аяған Бүркіт АЯҒАН, тарихшы, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары:

ҚОҒАМ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСҚАН ЖӨН

– Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан негізгі мәселелерін жүйелі іске асыру үшін қоғамның үніне құлақ түру маңызды. Әрбір мәселені өткен тарихта кеткен қателіктерден сабақ ала отырып, түзеткеніміз жөн. Мәселен, саяси жүйеге жаңа бетбұрыс әкелу үшін қасаң қағидалардан арылу қажет деп санаймын. Менің ұсынысым, партия оппозициямен жұмыс істей алуы керек. Әрине, партиялар арасында бәсеке болғаны жөн. Деген­мен кеңес заманындағы «тек біздікі дұрыс, олардыкі қате» деген түсініктен арылып, дәлелді пікірі бар, ақиқатты айтқан азаматтардың айтарын тыңдап, одан қорытынды шығара білу өте маңызды. Осындай ұсыныстарымды ескерсеңіздер екен.