Ауа райына байланысты бүгін колледж студенттері қашықтан оқиды

Ауа райына байланысты бүгін колледж студенттері қашықтан оқиды

Астанада бүгін колледж студенттері онлайн оқиды. Бұл туралы Білім басқармасы хабарлады.

«30 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты колледждердегі 1-ауысымдағы студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады» делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Кешеден бері астанада боран соғып, қала маңына қатынайтын автобустар тоқтады. Бүгін де қар жауып, боран соғады.