Сұлтан Зауырбек Лаамузбен Лондонда жұдырықтасады
Сұлтан Зауырбек Лаамузбен Лондонда жұдырықтасады
Фото: prosports.kz
248
оқылды
MTK Global Boxing промоутерлік компаниясы қазақстандық Сұлтан Зауырбектің (12-0, 8КО) екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO титулы үшін айқасын ресми түрде мәлімдеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы – мальталық Хайтем Лаамуз (17-1, 7КО). Жекпе-жек Лондондағы York Hall аренасында 15 сәуірде өтеді. Зауырбек 2021 жылдың шілдесінде жеңіп алған WBO European титулын екінші рет қорғайды.
«Сұлтан Зауырбек келесі айда қауіпті қарсылас Хайтем Лаамузға қарсы WBO тұжырымы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы Еуропа чемпионы титулын қорғайды», – деп жазды MTK Global Boxing промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2021 жылдың желтоқсанында Сұлтан британдық боксшы Райан Уиллерді алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, титулын қорғаған еді.