Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тың мәлімет шықты

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тың мәлімет шықты

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тың мәлімет шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 

"Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.