Талғат Ермегияевтің түрмедегі видеосы жарияланды
Талғат Ермегияевтің түрмедегі видеосы жарияланды
© qazaquni.kz
153
оқылды
Әлеуметтік желіде Талғат Ермегияевтің түрмедегі видеосы жарияланды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (ҚАЖД) бейнежазбаға түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, видео 2019 жылы Алматы облысы ҚАЖ мекемесі жасақтарының бірінде түсірілген.
"Видеодағы адамдар 2021 жылдан бері бір-бірінен бөлек камерада отыр. Кейінірек олардың бірі колониядан босап шықты", – деді ведомство өкілдері.
ҚАЖД мәліметінше, 2021 жылдың наурызында мекемедегі тінту іс-шаралары барысында спорттық құрал-жабдықтар тәркіленді.
"2022 жылы 29 наурызда осы видеоның тарауына байланысты сотталғандар жазасын өтеп жатқан камераларды аралап шықты, қандай да бір тыйым салынған заттар табылған жоқ. Анық-қанығын білу үшін қызметтік тергеу басталды, оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады", – делінген Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бюджеттен бөлінген ірі сомадағы қаражатты жымқырды деген айыппен 2016 жылы "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Кейіннен оған жеңілдетілген жағдай жасап, қорғаншылық көрсеткен 166/10 түзету мекемесінің басшысы мен оның орынбасары ұсталып, қамауға алынған болатын. https://www.youtube.com/watch?v=Hk22lN6OmqQ