Атыраудағы су тасқыны: эвакуацияланған тұрғындар үйіне оралып жатыр
Атыраудағы су тасқыны: эвакуацияланған тұрғындар үйіне оралып жатыр
196
оқылды
Көктемнің өз машақаты бар. Қар мен жаңбырдың мол мөлшерінен өр суы арнасынан асып елдімекендерді су басып, ауыл тұрғындарын әбігерге салуда. Кеше Ақтөбе аймағында жауған қалың қардың еруінен Қызылқоға ауданының Сағыз ауылы өр суының уысында қалды. Ақтөбе облысынан Атырау облысының Сағыз ауылына ағып, Қоңырсай өзеніне құйылатын Ноғайты өзенінің  шамамен 3 метр көтеріліп тасуынан Сағыз ауылының тұрғындарын  қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары басталды.    width= Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері, жергілікті атқарушы органның 25 қызметкері, жергілікті тұрғындардан жүздеген адам және техникалық күші бар мекемелердің күштерімен тұрғындарды жергілікті мектепке, колледжге эвакуациялау және құм үйіндісі бойынша нығайту жұмыстары жүргізілді. Эвакуацияланған тұрғындар саны 50 адам (оның ішінде 23 бала) су астында қалуы мүмкін деген 24 жеке тұрғын үйден ағайын туыстарына орналастырылды. Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс бөлімі мамандарының айтуынша, бүгін таңертеннен бері  су деңгейі төмендеді. Кеше түнгі сағат  03.30-да эвакуацияланған тұрғындар үйіне оралған. Сайып келгенде өр суы қайта көтеріліп, әбігерге салмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Табиғаттың үстемдігі басым. Ал, қауіптен құтқаратын күштік құрылымдар бұған дайын ба, оны уақыт көрсетеді.

Атырау облысы