Наурыз мерекесінде жеңімпаздар анықталды

Наурыз мерекесінде жеңімпаздар анықталды

«Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік аула жинаушы», «Ең үздік санжабдық технигі» байқауларының жеңімпаздары анықталды. Жаңімпаздар  «Наурыз» мейрамын тойлау барасында марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! 1«ҮЗДІК АУЛА ЖИНАУШЫ» Мухаматов Артем Олегович 2 ОРЫН Стамкулов Наралы Абдіразманұлы 3 ОРЫН Браун Альберт Константинович Еске салсақ, «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты аулаларды таза ұстап, қазіргі қар күреу санитарлық тазалық жұмыстарына атсалысып, дуалдар мен жол жиектерін жинауды, гүлзарлар мен көк шалғынды тегістеуді еңбектенген жандарға арнап «Ең үздік аула жинаушы» дәстүрлі байқауын жариялаған болатын.  Соның арқасында аудан тұрғындары күнделікті ауданда тазалық сақтап, айналасын көркейткен аула жинаушылардың және олардың ауыр жұмысымен таныса алды. Байқауға өтінімдері 14 наурызға дейін қабылданған еді.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Байқоңыр ауданының әкімдігі (@baikonyr_nur_sultan)

Сонымен қатар, әкімдік «Үздік санжабдық технигі» байқауын ұйымдастырды. Санжабдық технигі – мамандықтардың ішінде ең маңызды салалардың бірі. Сол үшін коммуналдық саланы арқалаған адамдар жұмыстарының қаншалықты құрметті және беделді екенін түсінуіне ойластырылған.