Байқоңыр ауданы көркейіп келеді
Байқоңыр ауданы көркейіп келеді
142
оқылды

Байқоңыр ауданында аулаларды абаттандыру мен қоғамдық орындарды қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Baikonyr_nur_sultan хабарлады.

Ауданда жалпы 237 ішкі құрамдық аула орналасқан. 2020 жылы аудан бойынша 53 аула мен 14 қоғамдық кеңістікте абаттандыру жұмыстары жүргізілсе, биыл аталған бағыттағы жұмыс қарқыны едәуір артты. Атап айтар болсақ, биыл 5 қоғамдық орын мен 50 ауланы абаттандыру жоспарланған. Бүгінгі таңда жыл басынан бері 14 ауланың аббаттандыру жұмыстары аяқталса, елорда күні қарсаңында тағы 30 аула абаттандырылып, пайдалануға берілді. Күні кеше «Байқоңыр» ауданында тағы кезекті аула абаттандырылып, пайдалануға берілді. Аталған аула Ш.Уәлиханов 4, Кравцова 1, Кравцова 1/1 тұрғын үйлерін қамтиды. Бұл аулада балалар алаңқайынан бастап, абаттандырудың барлық элементтері толықтай жаңартылды. Атап айтар болсақ, кеспе тастар төсеу, футбол алаңын жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары, балалардың ойын алаңдары, қоршауларды ауыстыру, воркаут алаңдарын, көше тренажерларын орнату, шағын сәулет нысандары және қоқыс жәшіктері жабдықталды. Сонымен қатар, тұрғындардың аула маңындағы демалысы үшін арнайы күркелер мен орындықтар да орнатылған. Аталған аула тұрғындары өз аулаларының жаңа реңге боялып, балалар алаңы мен демалыс орындарының бой көтергеніне дән риза. Аулаларды абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.