"Украина - бұл тек басы": Зеленский Путиннің түпкі ойын айтты
"Украина - бұл тек басы": Зеленский Путиннің түпкі ойын айтты
© aysor.am
Украина президенті Владимир Зеленский Нидерланд өкілдері палатасының алдында сөз сөйлеп, Ресей бүкіл Еуропаға қауіп төндіріп тұрғанын айтты, – деп хабарлады  «Украина24».
«Украина – бұл тек басы. Ресейді тоқтатпаса, дереу тоқтатпаса, бүкіл Еуропаға қауіп төнеді. Біздің халқымыз әлемде ең мықты деп танылған Ресей армиясына қарсылық танытып жатқанына 36 күн болды. Ресей бұл жорығына ондаған жыл дайындалған», – деді Украина президенті.
24 ақпанда Ресей армиясы Украинаға басып кірді. Бүгінде Украинадан бас сауғалап кеткен босқындар саны төрт миллионға жуықтаған. Ал еліміз ол жақтан отандастарымызды эвакуациялауды аяқтады. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Барлығы Катовице қаласынан жеті рейс ұйымдастырылды.