Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы Үкіметтің қаржы-экономикалық салада атқарып жатқан жұмыстарының негізгі бағыттары туралы есебін тыңдады.
Ерұлан Жамаубаев экономиканы монополиядан арылту және 2022 жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.